Есептеу машиналарымен өзара әрекеттесу тәсілдерінің дамуының және оның мүмкіндіктерін тиімді қолдану нәтижесінде ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және берудегі автоматты жүйелердің сипатын өзгертетін, есептеу жүйелері мен желілері пайда болды. Бұл жүйелерді құру есептеу техникасының, электрондық кітапхананың және байланыс техникасының дамуы мен қолданылуында сапалы сілкініс болып табылады. Есептеу жүйелері мен желілері ғылымның дамуына ғана әсер етіп қоймайды, және де тәрбиемен, біліммен, қоғамдағы әлеуметтік мәселелермен байланысты процестердің жаңа сатыға көтерілуіне мүмкіндік береді. Коллективті қолданылатын есептеу орталықтарын құруда желілік архитектураны қолдану көптеген қолданушыларға алауан түрлі ақпараттық-есептеу ресурстарына қатынас жасау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Жүздеген есептеу машиналарын есептеу желілеріне біріктіреді.
Мұндай күрделі есептеу желілерін талдау мен синтездеудің бір ғана жолы бар – оларды алуан түрлі элементтерге бөлшектеп, өзараәрекеттесудің құрылымдық жиынын зерттеу. Бұл мәселелер жаңа ғылыми-техникалық бағытта – есептеу желілерінің архитектурасында көрінеді.
Берілген лабораториялық жұмыстардың мақсаты есептеу желілерімен жұмыста практикалық тәжірибе алу, компьютерлік желілерді ұйымдастыруда, желі компоненттерін, конфигурациясын таңдауда инженерлік тәжірибені игеру, ақпаратты беру ортасына қатынас жасау тәсілдерімен танысу болып табылады.
Бұл жұмыс бағдарламалау мен информатиканы үйреніп жүрген, сонымен бірге есептеу желілерін құру мәселелеріне қызығатын студенттерге пайдалы.
Анықтама. Желі- деректер алмасуын қамтамасыз ететін арнайы аппаратураның көмегімен қосылған компьютерлер тобы.
Анықтама. Желінің атқаратын қызметі – бір фирманың аумағында немесе одан тыс ресурстарды ортақ пайдалануды және интірактивті байланыс орнатуды қамтасыз ету.
Желіге қосылған компьютерлер келесілерді ортақ пайдалана алады:
- деректер;
- принтерлер;
- модемдер;
Деректерді ортақ пайдаланудың жаңа тәсілдерінің пайда болуын байланысты , келтірілген тізім үнемі толықтырылып отырады.
Анықтама. Ресурстар дегеніміз - деректкр, қосымшалар, сыртқы құрлымдар (дискжетек, принтер, тышқан тетігі, модем және басқалар).
Алғашқыда компьютерлік желілер оншақты компьютерлерді және бір принтер біріктіретін кішігірім жүйе болатын.
Анықтама. Интерактивті байланыс дегеніміз - нақты уақыт аралағында хабарламалармен алмасу.
Анықтама. Жергілікті желі - жоғары жылдамдықтағы адаптер арқылы желіге қосылған өзара жақын (бөлме, ғимарат, жақын ғымарат) орналасқан компьютерлер тобы.
Анықтама. Ауқымды желі - байланыс жолы ретінде модемдерді және алыс байланыс жолдарын (телефон немесе дерсерік ) пайдалаланатын, бір- біренен алыста орналасқан когмспьютерлердің тобы.
Жергілікті есептеу жілісі (ЖЕЖ) шектеулі территорияның аумағында, мысалы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше компьютерлер мен сырқы құрлымдардан тұрады. Желі ресурстарды ортақ пайдалана отырып, интерактиті қосымшалармен жұрмыс істеуге , мысалы, электрондық пошта қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
Компьютерлік желілерді пайдалану көптеген артықшылықтарға қол жеткізеді, соның ішінде:
- деректерді және сыртқы құрлымдарды ортақ пайдалану нәтижесінде шығындарды төмендетуге;
- қосымшаларды стандарттауға;
- деректерді уақытында алуға;
- тиімді өзара әсерлесу мен жымыс уақытын жоспарлауға.
Қазіргі таңда компьютерлік желілер жергілікті есептеу желілерінің (ЖЕЖ) аумағынан шығып, елдер мен континенттерді байланыстыратын ауқымды компьютерлік (АКЖ) дәрежесіне жетті.
Желінің екі типі кең тараған: бір рангілі желі және серверлердің негізіндегі желі.
Анықтама. Сервер - өзінің ресурстарын желі қолданушыларына ұсынушы компьютер.
Бір рангілі желілерге әрбір компьютер клиент ретінде де қызмет етеді. Қолданушылардың кішігірім топтары үшін мұндай желілер деректер мен сыртқы құрлымдарды бөлуді жылдам қматамасыз етеді. Сонымен қатар бір рангілі желіде басқару орталақтанбағандықтан, жетілген, жеткілікті қорғауды қамтамасыз ету қиын.
Анықтама. Клиенттер - желілік ресурстарды пайдаланатын компьютерлер.
Анықтама. Беріліс ортасы – компьютерлерді өзара қосу тәсілі.
Деректер мен ресурстардың үлкен көлемдегі ортақ пайдаланылатын болса, сервердің негізіндегі желіне қолданған тиімді.Желінің қызметін байқай отырып, администратор деректерді қорғауды басқара алады. Мұндай желілерде желілік трафиктің көлеміне сыртқы құрлымдардың мөлшеріне байланысты бір немесе бірнеше сервер болуы мүмкін.Мысалы, бір желіде принт – сервер, коммуникациялық сервер және деректер қоры сервері болуы мүмкін.
Қорытынды: Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер
1) қолданушылар саны оннан аспаса;
2) қолданушылар өзара жақын орналасқан болса;
3) деректерді қорғаудың маңызы болмаса;
4) фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.
Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер
1) қолданушы саны көп;
2) деректерді кең және кешенді түрде қорғау қажет болса.
Бір рангілі желілер мен сервердің негізендегі желелерден басқа осы желілердің ең жақсы қасиеттерінен тұратын құрама желілер бар. Сервердің негізіндегі желіге арналған операциялық жүйе бұл жағдайда негізгі қосымшалар мен деректкрді ортақ пайдаларуға жауап береді.
Компьютер - клиенттерде бөлінген (белгіленген) сервердегі ресурстарға қатысуды және сонымен қатар өздерінің қатты дискілерін, қажетінше деректерін ортақ пайдалануға ұсынатын ОС Microsoft Windows NT Workstaion немесе Windows 98 операциялық жуйелері орындалуы мүмкін.